«Гарант 24» ломбардының басшысы Аслан Мұрзабеков халықтан кешірім сұрады
Талайды тақырға отырғызып кеткен атышулы «Гарант 24» ломбардының басшысы Аслан Мұрзабеков халықтан кешірім сұрады. Ағынан жарылған алаяқтың видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр. Ол өзінің құйтырқы әрекетін «Выгодный займ» ұйымының басшысы Жанболат Есіркеповке сілтеп, жуып-шаймақ. Өзін сүттен ақ, судан таза етіп көрсеткісі келген ол барлық ақша сол азаматта деп ақталды. Естеріңізге сала кетейін, «Гарант 24 Ломбард» мекемесі 42 мыңнан астам адамды алдап, 5,5 миллиардқа жуық теңгені жымқырды деп айыпталуда. Ал Аслан Мұрзабеков Молдова еліне қашып кеткен жерінен ұсталды. Қазір оны елге әкелу мәселесі шешіліп жатыр.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар кітап оқуға қаншалықты көңіл бөледі?
06.11.2026, 20:28
Көшбасшы әйелдердің республикалық семинары өтті
06.11.2026, 20:27
Еңбек – адамды биікке жетелейтін құндылық
06.11.2026, 20:26
Жоғары білімнің болашағы талқыланды
06.11.2026, 20:25
Еріктілер 100-ден аса заңбұзушылықты анықтады
06.11.2026, 20:25
Халық Кеңесі жанынан жастар қозғалысын құру ұсынылды
06.11.2026, 20:24
ШҚО-да Жолдауда жүктелген міндеттер талқыланды
06.11.2026, 20:22
Құрылтай депутаттары жастармен кездесті
06.11.2026, 20:18