Полицейлерге күш көрсетіп жолға шыққандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Қарағанды – Нұр-Сұлтан бағытындағы тас жолда тәртіп сақшыларына бағынбай, жанжал шығарған жүргізушілердің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Үшеуі қазір қамауда отыр. Ал қалғаны әкімшілік жауапқа тартылған.
Сол күні Осакаров ауданының тұсында жол жабылса да, жүргізушілер тәртіпке бағынбай қойған. Тіпті, көлденең тұрған полиция көлігін жол жиегіне шығарып жіберген. Амалсыздан учаскелік инспектор Жанболат Күшеков көліктердің алдына жатып алған. Алайда ентелеген жұрт оны да күшпен жұлқып, әріге итеріп тастаған. Сол сәтте 15 шақты көлік сытылып тас жолға шығып кеткен. Тәртіпке бағынбаған жүгенсіздер алысқа ұзаған жоқ. Жолда ұсталып, 3-уі қамауға алынды. Ал қалған 11 адам әкімшілік жауапқа тартылды.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар кітап оқуға қаншалықты көңіл бөледі?
06.11.2026, 20:28
Көшбасшы әйелдердің республикалық семинары өтті
06.11.2026, 20:27
Еңбек – адамды биікке жетелейтін құндылық
06.11.2026, 20:26
Жоғары білімнің болашағы талқыланды
06.11.2026, 20:25
Еріктілер 100-ден аса заңбұзушылықты анықтады
06.11.2026, 20:25
Халық Кеңесі жанынан жастар қозғалысын құру ұсынылды
06.11.2026, 20:24
ШҚО-да Жолдауда жүктелген міндеттер талқыланды
06.11.2026, 20:22
Құрылтай депутаттары жастармен кездесті
06.11.2026, 20:18