Петропавлда мектеп оқушысы тағамның балғындығын анықтайтын индикатор ойлап тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда мектеп оқушысы тағамның балғындығын анықтайтын индикатор ойлап тапты

02.03.2020
Петропавлда мектеп оқушысы тағамның балғындығын анықтайтын индикатор ойлап тапты

Петропавлдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Нәби Ғали тағамның балғындығын анықтайтын индикатор жасап шығарды. Жас ғалымның мұндай жаңалық ашуына әжесінің бүлінген тағамнан уланып, сырқаттанып қалуы себеп болған. Қазір ол бұл өнертабысын әрі қарай жетілдіріп, келешекте оны сүт компанияларына ұсынбақшы.

Индикатор сүт, ет сияқты тағамдардың бұзылғанын, не бұзылмағанын анықтауға мүмкіндік береді. Әлемде мұндай индикатордың баламалары бар. Тек Қазақстанға әлі жете қоймаған. Нәбидің индикаторды жасап шығаруына ұстазы Садат Демеубаев көмектесіп, бағыт-бағдар берген.

Жалпы, индикатор көк болып тұрады. Егер өнім бұзылған болса, онда түсін бірден өзгертеді екен. Оның көлемі де шағын, дүкендер мен базарда алып жүруге ыңғайланған.

Енді жас ғалым өнертабысын толығымен патенттеп алуды көздеп отыр.

petropavltv.kz

Хабарламаларға жазылу