Ештен кеш жақсы. Ұлттық банк ломбардтарды қалағалауды өз құзырына алмақ. Заңның жаңа талабы бойынша, енді ломбардтар микроқаржылық ұйым ретінде тіркеуден өтуі тиіс. Бұдан бөлек, ауылдық жерлердегі ұйымдардың 25 миллион теңге, ал қалалардағы субьектілердің 50 миллион теңге жарғылық қоры болуы міндет. Мамандар осындай қатаң шаралар арқылы саладағы алаяқтықты жоюмыз деп отыр. Алайда, ломбард иелері бұған наразылық білдіріп жатыр.
Елімізде үш мыңнан аса осындай қаржы ұйымдары бар. Демек, мыңдаған адам үдеден шыға алмай бизнесін тоқтау қауіпі бар. Дегенмен қаржылық нарықты реттеу агенттігінің өкілдері бірінші кезекте салымшылардың мүддесі маңызды екенін айтады. Сондықтан заң талабы қатаңдатылып отыр. Алайда, заң талабы тым қатал деп есептейтін кәсіпкерлер мемлекет басшысынан араша сұрап, ашық хат жолдамақ.
Ләйлә ДУЛАТҚЫЗЫ