Ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше облыстың жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында барлық автожолдар жабық.
Жалпы, көлік қозғалысы шектелген автожолдардың тізімі мынадай:
1. Нұр-Сұлтан-Щучинск, 18-231 шақырымы;
2. Нұр-Сұлтан-Теміртау, 1291-1426 шақырымы;
3. Самара-Шымкент, 773-965 шақырымы (Белогорка-Қарабұтақ);
4. Ақтөбе-Атырау-Астрахань, 11-98 шақырымы (Ақтөбе-Қандыағаш);
5. Ақтөбе-Орск, 16-135 шақырымы (Ақтөбе-РФ);
6. Ақтөбе қаласының солтүстік айналма жолы, 0-39 шақырымы;
7. Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз, 0-258 шақырымы (Қандыағаш-Шалқар);
8. Өскемен-Алтай-Рахман қайнарлары, 7-66 шақырымы (Ушановское-Серебрянск);
9. Алматы-Өскемен, 971-1068 шақырымы (Қалбатау-Қ.Қайсенов);
10. Екатеринбург-Алматы, 686-729 шақырымы (Сарыкөл-СҚО);
11. Мамлютка-Қостанай, 180-250 шақырымы (СҚО-Ұзынкөл);
12. Қостанай-Әулиекөл-Сұрған, 215-232 шақырымы (Октябрьский-Ақмола облысы);
13. Жезқазған-Петропавл, 340-377 шақырымы (Арқалық-Ақмола облысы);
14. Қалқаман-Керней, 0-231 шақырымы;
15. Қызылорда-Павлодар, 1135-1367 шақырымы (Қарағанды облысы-Ленинский);
16. Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті, 200-235 шақырымы (Ақмола облысы-Шідерті);
17. Екатеринбург-Алматы, 374-540 шақырымы;
18. Семей-Қайнар жолы;
19. Омбы-Майқапшағай, 585-733 шақырымы;
20. Өскемен-Семей, 10-198 шақырымы;
21. Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті, 200-235 шақырымы;
Республика жолдарында 688 арнайы техника жұмыс істеп жүр. «ҚазАвтоЖол» ҰК« АҚ жүргізушілерге жол ережесін сақтау, рұқсат етілген жылдамдықтан асырмау, қауіпсіз қашықтықты сақтау қажеттігін ескертеді. Сонымен қатар сапарға тек қысқы дөңгелектермен шығуға кеңес береді.