Павлодарда қоғамдық көліктегі жеңілдіктер алынып тасталмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда қоғамдық көліктегі жеңілдіктер алынып тасталмақ

25.02.2020

Павлодарда автопарк иелері наурыз айынан бастап қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүретін жолаушыларды тегін тасымалдаудан бас тартты. «Жанар-жағармай мен қосалқы бөлшектердің бағасы қымбаттағанын алға тартқан тасымалдаушылар жағдай түзелмесе кәсіпорындар банкротка ұшырайды деп алаңдаулы. Сондықтан олар, жергілікті биліктен субсидия көлемін ұлғайтуды талап етуде.

Бірақ, жолаушы тасымалдаушылар қауымдасытығы 1 наурыздан бастап әлеуметтік жеңілдігі бар тұрғындар қоғамдық көлікке ақы төлеуі тиіс деп отыр. Олар жасына байланысты еңбек демалысына шыққан зейнеткерлерді, 2-ші топтағы мүгедектерді, студенттер мен мектеп жасындағы балаларды тегін тасмалдамаймыз деп талап қойды.

Жергілікті билік қоғамдық көлік тасымалдаушылармен ортақ мәмілеге келді. Әкімдік мамыр айына дейін осы тәртіп сақталатынын айтып отыр.

Болат АМАНБАЕВ


Хабарламаларға жазылу