Франциямен арадағы сауда көлемі ұлғайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Франциямен арадағы сауда көлемі ұлғайды

07.09.2017

Елімізге Франциядан келетін инвестиция көлемі артып келеді. Соңғы 12 жылда Франция Қазақстанға 13,5 млрд. доллар қаржы құйған. Бұл туралы бүгін Қазақстан-Франция үкіметаралық комиссиясының 13-отырысында айтылды. Осы елдің қаржысымен ірі жобалар жүзеге асты. Соның бірі «Еурокоптер» тікұшақ құрастыру зауыты. Қазір бұл зауыттың өнімдерін көрші елдерге экспорттау мәселесі шешілуде. Жалпы, Франциямен бірлесіп жүзеге асырған жобалардың барлығы да ауқымды. Өнімдері сапалы және сұранысқа ие. Қазір екі ел арасындағы сауда-саттық көлемі де артып келеді. Осы жылдың 6 айындағы есеп бойынша сауда айналымы 1,7 млрд. долларға жеткен. Бұл - өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда шамамен 46 пайызға жоғары. Ал, бүгінгі үкіметаралық комиссияның жұмысы осы қарқынды төмендетпеу мақсатындағы әрекет.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу