Кәсіпкерлердің жерге қатысты арызы көбейді
Ақмолалық кәсіпкерлердің жерге қатысты шағымдары азаяр емес. Осы жолы құқықбұзушылық ауыл шаруашылығы саласында тіркеліп отыр. Ет өндірісімен айналысатын серіктестікке жалға берілген жер телімдері басқа тұлғаларға да бөлінген. Мәселе облыстық кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесінде қаралды.
Ет өндірісі саласындағы ірі кәсіпорынның бірі - «KazBeef» серіктестігі жайылым үшін 2012 жылы Ақкөл ауданында 27 мың гектар аумақты 49 жылға жалға алды. Тиісті құжаттары түгел, заңды. Алайда соңғы 2 жылда жердің 15 мың гектары өзге заңды және жеке тұлғаларға берілген. Жерді кейін рәсімдегендер ешқандай қызмет атқарып жатқан жоқ. Жайылымды серіктестік пайдаланып келеді. Бірақ субсидиядан қағылып отыр.
Ермек Елберген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06