Қазақтың тұңғыш дикторы Зұлқия Жұматова 100 жасқа толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақтың тұңғыш дикторы Зұлқия Жұматова 100 жасқа толды

21.02.2020

Қазақ телевизиясының ардагері тұңғыш диктор Зұлқия Жұматова 100 жасқа толды. Қос ғасырдың куәсі сонау 60 жылдары алғаш рет телеарна табалдырығын аттаған болатын. Жарты ғұмырын осы салаға арнаған ардагер жазушы Мұхтар Әуезовтің көзін көріп, сұхбат алған. Ал сол кездегі режиссер Шәкен Айманов Зұлқия Мұқанқызын дикторлыққа 750 үміткердің ішінен таңдап алған екен.

Өлең оқуды жаны сүйетін Зұлқия Жұматованың дәл осы туындысы телевизия саласына жетеледі. Өйткені, Шәкен Айманов үміткердің даусы мен мәнеріне жоғары баға берген еді. 1958 жылы балалар бағдарламасына редактор болам деп келген ол 37 жасында ойламаған жерден диктор атанады.

Зұлқия Мұқанқызы - дикторлық дәуірдің дара тұлғасы. Оның саналы ғұмыры көрерменнің көз алдында. Көптің ықыласына бөленген ол халқына қашанда тілекші.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу