Мобильді байланыс пен интернеттің сапасына сын көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мобильді байланыс пен интернеттің сапасына сын көп

21.02.2020

Ұялы байланыстың бағасын қымбаттатпау керек. Апта басында «Қазақтелеком» компаниясының басшысын қабылдаған Қасым-Жомарт Тоқаев осындай тапсырма берген еді.

2017 жылдан бері елімізде ұялы байланыстың бағасын мемлекет бақыламайды. Нарық реттейді.

Өткен жылдың аяғына қарай барлық компаниялар бір уақытта тариф саясатын өзгертті. Төлем бұрынғыдай 30-31 емес, 28 күн сайын алынды. Мұнда монополияға қарсы заң бұзушылық белгісі бар деп есептеген бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті операторларға олқылықты түзетуді талап етіп хабарлама жіберген. Алайда әлі күнге дейін еш өзгеріс жоқ.

Осылайша, бұрын ай сайын тарифке төлем жасап жүрген абоненттер енді жылына 12 рет емес, 13 мәрте төлем жасайды. Мәжіліс депуататтарының пікірінше осылайша компаниялар жыл сайын абоненттердің қалтасынан 38-50 миллиард теңге қосымша ақша қағып алуды көздеп отыр.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу