Поляк инвесторларының қатысуымен алдағы жұма күні Шымкент қаласында дәрі-дәрмек шығаратын желі іске қосылады. Жобаның құны - 100 млн. доллар. Бұл туралы бүгін Қазақстан-Польша бизнес-форумында айтылды. Жиынға екі елдің Мемлекет басшылары қатысты. 450-ден астам делегат жиналған шарада екіжақты ынтымақтастықты арттыруға серпім беретін түрлі саланың мүмкіндіктері қаралды. Мәселен, Қазақстан дәрі-дәрмек импортына жыл сайын млрд-таған қаржы жұмсайды.
Ал, фармацевтикалық фабриканың жаңа желісінің іске қосылуымен ішкі нарықты дәрі-дәрмекпен қамту көлемі арта түспек. Артылып жатса экспортқа шығарылады. Бүгінгі таңда Қазақстанда екі елдің бірлескен 115 кәсіпорны жұмыс істейді. Мемлекет басшылары өзара алыс-беріс көрсеткішін арттыру жолдарын айтып, кәсіпкерлерді бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.
Дулат НУРКИН