Қорықшыны өлтірген үш адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қорықшыны өлтірген үш адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

21.02.2020

Инспектор Ерлан Нұрғалиевті өлтірді деп айыпталғандар Берік Ахъметов, Қайрат Ақшанов, Нұрлан Шөкілдековке қатысты «адам өлтіру», «қылмысқа дайындалу», «заңсыз аң аулау» секілді үш бірдей баппен ең қатаң өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Үкімге сәйкес олар төтенше қауіпсіздіктегі түзету мекемесінде жазасын өтейтін болады.

Ал сотталушылардың қорғаушылары сотқа қайта шағымданатындарын мәлімдеді. Олардың айтуынша, айыпталушылардың жазасын жеңілдететін жағдайлар ескерілмеген.

Айта кету керек, қорықшы өліміне кінәлілер материалдық шығын есебінде 1 миллион 890 теңге теңге өтейді. Сондай-ақ, моральдық өтемақы ретінде марқұмның бауырына 9, ал ұлына 15 миллион теңге өндірілетін болды. Ал марқұмның тірі қалған әріптесі Петр Ницыктың пайдасына 6 миллион теңге өндіріледі. Тағы бір ақпарат, топ құрамында заңсыз аң аулаған тағы 4 адам Берден Базаров, Батырбек Қайырбеков, Ерасхан Мырзабаев, Айдос Әкімовтер 6 жылға сотталды. Жалпы броконьерлер тобынан 17 киікті атып, табиғатқа келтірген залалы үшін ортақ түрде 89 миллион теңге өтейді.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу