Солтүстік аймақтарда 5000 бос жұмыс орны бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік аймақтарда 5000 бос жұмыс орны бар

20.02.2020

Солтүстік аймақтарда 5000 адамға жұмыс бар. Дәрігер, медбике, мұғалім тіпті аграном дейсіз бе қалаған мамандығыңызды табуға болады. Ол үшін Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне келсеңіз болды. Мұнда Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарының өкілдері ауылдық жерлердегі бос жұмыс орындарын ұсынып отыр.

Тұрақты жұмыс қана емес, баспана да беріледі. Қоныс аударамын деушілерге солтүстік аймақтарда жаппай үйлер соғылып жатыр. Мәселен, Ақсу қаласында 250 пәтер жақында дайын болады. Әрі жалға берілетін баспаналарды 5 жылдан соң, жекешелендіруге мүмкіндік бар. Жалпы «Еңбек» бағдарламасы арқылы солтүстікке көшетіндерге мұндай көмектің көрсетілуі бекер емес. Бұл өңірлерде жұмыс күші жетіспейді.

Ал Нұр-Сұлтандағы «Жанұя» орталығында өтіп жатқан жәрмеңке әлі екі күнге жалғасады.

Досжан МАРАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу