Арқалық қаласында 80 отбасы баспаналарын рәсімдей алмай жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арқалық қаласында 80 отбасы баспаналарын рәсімдей алмай жүр

19.02.2020

Баспана бар, құжаты жоқ. Арқалық қаласында қараусыз қалған көпқабатты үй былтыр жөнделіп, көпбалалы сексен отбасы қоныстанған болатын. Содан бері бес ай өтсе де олар берілген баспананы өз аттарына рәсімдей алмай жүр.

Әділбек Тоқсанбаев тоғыз баланың әкесі. Былтыр бесінші қабаттан төрт бөлмелі жаңа пәтердің кілтін алғанда қуанышында шек болмап еді. Ал қазір төбе мен терезеден тамшылаған суды құрғатып әлек.

Әкімдіктегілердің айтуынша, бұл үй мемлекет пен жекеменшік әріптестігі аясында жөнделген. Жоба құны 600 миллион теңге. Жеке кәсіпорынның қоржынынан шыққан бұл қаржыны, мемлекет 5 жыл ішінде бөлшектеп қайтарады. Ал тұрғындар пәтерді өз атына тіркете алмай жүргенінің себебі - құрылысқа қажетті құжаттар уақытында дұрыс рәсімделмеген. Басшылар бұл мәселе қазір шешіліп жатыр деп сендірді.

Дәуренбек ӘБДІБЕК


Хабарламаларға жазылу