Оралдағы «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінің тұрғындары адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралдағы «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінің тұрғындары адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатыр

19.02.2020

Орал қаласындағы «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінің тұрғындары адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатыр. Орталық 106 адамға шақталғанымен мұндағылардың саны екі есе көп. Себебі кәмелет жасына толып, жетімдер үйінен кеткен түлектердің бұл жатақханадан басқа барар жері жоқ.

Талап бойынша мұнда 16 мен 23 жас аралығындағы жастар ғана тұруы керек. Алайда 40 жас түгілі 50 еңсергендер де осында.

Жылдар бойы жөндеу көрмеген ғимарат іші әбден тозған. Ас даярлап, мен жуынатын бөлме атымен жоқ. Алайда, барар жері, басар тауы жоқ балалар үйінің түлектері осыған да разы.

Соңғы үш жылда жасөспірімдер үйінің 7 тұрғынына ғана баспана берілген. 1800-і әлі кезекте тұр. Жетімдердің күйі «Nur Otan» партиясының назарына ілікті. Іле шала құрылған комиссия жағдайды көзбен көрді.

Шаңырақтың бір бөлмесіне зар болып жүргендер жетіп жатыр. 200-ден аса жасөспірім осы жатақханадан орын сұраған.

Рауан ДИӘЛИ


Хабарламаларға жазылу