14 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті жедел-іздестіру шараларын ұйымдастыру кезінде Алматы қаласында деструктивті діни ағымның 2 ұстанушысын ұстап, сот санкциясымен қамауға алды. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.
Олардың мекенжайын тексеру барысында қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, оны жасауға арналған құрамдас бөліктер, суық қару, шабуылдау көзделген объектілердің суреттері және бейнетүсірілімдері бар смартфондар алынды.
Көрсетілген адамдарға қатысты терроризм актісіне дайындалу (ҚР ҚК 255-бабы) және терроризмді насихаттау (ҚР ҚК 256-бабы) фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Тергеу материалдары бойынша қамауға алынған адамдар республика аумағында, соның ішінде адамдар көп шоғырланған орындарда террористік актілер дайындаған.
Тергеу жалғасып жатыр.