Өзбекстандық мыңдаған студент өз еліне кетіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстандық мыңдаған студент өз еліне кетіп жатыр

17.02.2020

Өзбекстан Қазақстандағы студенттерін жаппай еліне қайтарып жатыр. Тек бізде емес, көрші қырғыз, тәжік елінде оқып жүргендер де отандарына орала бастады. Олардың өре-түрегелуіне өзбек билігінің шетелдегі студенттерін емтихансыз қабылдаймыз дегені себеп болды.

Сарапшылардың пікірінше, Өзбекстан шетелден оралатын он мыңдаған студентті жаппай жарылқауы мүмкін емес. Себебі былтыр ғана «Өзбекстандағы Қазақстан жылы» аясында, біздегі ЖОО басшыларына жағдай айтып, өзбек жастарына көп орын бөлуін өтінген. Соған орай, қазақстандық университеттер олардың тіл білмейтіндігіне, тіпті кирилицада хат танымайтынына да қарамай қабылдады.

Қазақстандағы өзбек елшісінің айтуынша, ауысқысы келген студенттердің құжатын қазір мемлекеттік комиссия қабылдап жатыр.

34 миллион халқы бар Өзбекстанда небәрі – 63 университет пен оның 30 шақты филиалы ғана бар. Ал сабақ беретін–профессорлық- оқытушы құрамы 25 мыңға да жетпейді. Сол себіпті өзбек билігі тек үлгерімі жақсы, үздіктерін ғана іріктеп алмақ.

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу