Түркия президенті Идлибтегі оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия президенті Идлибтегі оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады

12.02.2020
Түркия президенті Идлибтегі оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады

Реджеп Тайип Ердоған Идлибтегі оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады. Түркия басшысы Сирия тарапын Идлибтегі бақылау бекеттері маңынан кетуін талап етті.

«Қайғылы оқиғадан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, жарақаттанғандарға саулық тілеймін. Шабуылдардан 13 адам мерт болды, 45 адам жараланды. Идлибтегі орыс күштері мен Сирия үкіметінің әскері террористерді емес, бейбіт тұрғындарды да нысанаға алып жатыр. Олардың мақсаты - ондағы жұртты біздің жерге көшіру. Біз Сочи келісімі аясында жұмыс істеуге тырыстық. Алайда ешкім сөзінде тұрмады. Шабуылдар Түркияны нысанаға ала бастады», - деді Ердоған.

Оның айтуынша, Анкара енді келіссөздер нәтижесін күтпей-ақ, жағдайға байланысты әрекет ететін болады. 

«Ақпанның соңына дейін режим күштерін бұл аймақтан кетіреміз», - деді Түркия президенті.

Еске сала кетейік, Сирия үкіметінің әскері 3 күнде Түркияның бақылау-өткізу бекетіне 4 рет соққы берді. Жалпы алғанда 13 түрік сарбазы қаза тапты.

sondakika.com

Хабарламаларға жазылу