Президент Қордайдағы оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарының әділ жүргізілуін тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қордайдағы оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарының әділ жүргізілуін тапсырды

10.02.2020

Сондай-ақ, бүгін Мемлекет басышысы Бас Прокурор Ғизат Нұрдәлетов, Премьер-министр Асқар Мамин және Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдап, осы Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиғаға байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстардың есебін тыңдады. Лауазымды тұлғалардың сөзінше, арнайы құрылған Үкіметтік комиссия, ведомствоаралық жедел тергеу тобы тарапынан тиісті шаралар қабылданып, жұмыс ойдағыдай жүріп жатыр. Ал өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев, жауаптыларға облыстағы ахуалды қатаң бақылауға алып, тергеу жұмыстарының әділ әрі жан-жақты жүргізілуін, қабылданған барлық шешімдердің заңды болуын және кінәлілердің жазасыз қалмауын қадап тапсырды. Сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігіне және еліміздің абыройына нұқсан келтіретін осындай оқиғаларға жол бермеу мақсатында құқықтық тәртіп қамтамасыз етілуі тиіс екенін айтты.   

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ


Хабарламаларға жазылу