Мәскеу қаласында ТМД экономикалық кеңесінің вице-премьерлер деңгейіндегі кезекті отырысы өтті. Жиынға қазақ делегациясын Үкімет басшысының бірінші орынбасары Асқар Мәмин бастап барды. Тараптар басқосу кезінде экономиканың түрлі саласына қатысты 10-ға тарта мәселені талқылады. Мәселен, вице-премьерлер шекаралас өңірлердің ынтымақтастығы, халықаралық автокөлік тасымалы және сақтандыру нарығының жай-күйі жайлы өзара пікір алмасып, сарапшылардың баяндамасын тыңдады.
Ал, кеңестің соңында бірқатар нақты құжаттар бекіді. Олар: тау-кен өндірісіндегі ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру, ветеринария саласындағы әріптестік және ғарышты бейбіт мақсатта зерттеп, пайдалануды көздейтін конвенция. Бұл құжаттар енді мемлекет басшыларының қарауына ұсынылады.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ