СҚО кәсіпорындары Қорғаныс министрлігімен ынтымақтастық орнатпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО кәсіпорындары Қорғаныс министрлігімен ынтымақтастық орнатпақ

10.02.2020

Қорғаныс министрлігі Петропавл қаласындағы зауыттармен бірге келешекте арнайы өнімді өндіру мүмкіндіктерін қарастыруда. Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев зауыттардың жұмысымен танысып, кәсіпорындар басшылығымен кездесті. 

Келіссөздер жүргізілген зауыттардың бірі ауыр машина, теміржол жабдықтарын өндірсе, екіншісі электротехникалық өнім, байланыс құралдары, қауіпсіздік жүйелерін шығаруға бейімделген. Одан бөлек, Петропавлға жұмыс сапары шеңберінде Қорғаныс министрлігі, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі арасында жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу саласындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу