Үкімет комиссиясы Қордай оқиғасынан қаза тапқан Дархан Әбдірахымның отбасына барды
Үкімет комиссиясы Әлжан ана ауылында Қордай ауданында болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан Дархан Әбдірахымның отбасына барды.
Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов ел басшылығының атынан оның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қолдау білдірді.
Бердібек Сапарбаев Дарханның қаза табуына кінәлілер анықталып, заң бойынша жазаланатынын айтты.
«Президент Қ.Тоқаевтың атынан біз шын қайғырып көңіл айтамыз. Берік болыңыздар. Отбасы үшін осы қиын күндерде берік болу керек. Біз кінәлілерді анықтаймыз, олар заң бойынша жазаланады», — деді ол.
Сонымен қатар вице-премьер қаза тапқан азаматтың отбасына мемлекеттік қолдау көрсетілетінін, барлық қажетті көмектің берілетінін жеткізді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар кітап оқуға қаншалықты көңіл бөледі?
06.11.2026, 20:28
Көшбасшы әйелдердің республикалық семинары өтті
06.11.2026, 20:27
Еңбек – адамды биікке жетелейтін құндылық
06.11.2026, 20:26
Жоғары білімнің болашағы талқыланды
06.11.2026, 20:25
Еріктілер 100-ден аса заңбұзушылықты анықтады
06.11.2026, 20:25
Халық Кеңесі жанынан жастар қозғалысын құру ұсынылды
06.11.2026, 20:24
ШҚО-да Жолдауда жүктелген міндеттер талқыланды
06.11.2026, 20:22
Құрылтай депутаттары жастармен кездесті
06.11.2026, 20:18