Б.Сапарбаев бастаған үкіметтік комиссия оқиға орнына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Б.Сапарбаев бастаған үкіметтік комиссия оқиға орнына барды

08.02.2020

Бүгін түс ауа Президенттің тікелей тапсырмасына сәйкес Қордайга арнайы ұшақпен үкіметтік комиссия барды. Вице-премьер Бердібек Сапарбаев бастаған комиссия құрамында, Енбек жане халықты әлеуметтік қорғау министри Біржан Нұрымбетов, Денсаулык сақтау вице-министри Камалжан Надыров жане баска да жауапты мекеме окилдери бар.

Сонымен бүгін билік өкілдері ең әуелі Қордайдагы орталык ауруханага келді. Мұнда кешегі қақтығыс кезінде жарақат алған 30-дан астам науқас жатыр оның бесеуінің ахуалы нашар деп бағалануда. Өз кезегінде Бердібек Сапарбаев зардап шеккен азаматтарға барлық жағдай жасалатынын мәлімдеді. Ауруханада жатқан азаматтардың басым көпшілгі санаулы күнде шығарылмақ.

Үкіметтік комиссия мүшелері облыс әкімімен бірге қақтығысқан қаза тапқандардын отбасыларына көңіл айтты, сабырға шақырды. Сондай-ақ комиссия мүшелері Масаншы, Ауқатты, Сортөбе ауылдарын аралап тұрғындармен сөйлесті.

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу