Жамбыл облысы Қордай ауданы Масаншы ауылындағы қақтығыстан 8 адам мерт болып, 40-тан астам адам жарақат алды. Жараланғандар арасында 2 полиция қызметкері де бар. Оларға оқ тиген. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.
Ал Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың айуынша, кеше кешкі 7-де облыстық полиция департаментіне Масаншы ауылында 70-тен астам адам төбелесіп жатыр деген хабар келген. Заңсыз әрекеттерді тоқтату үшін оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері жіберілген.
Қазір аталған оқиғаға қатысты жедел тергеу тобы құрылып, адам өлімі, бұзақылық фактілері бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалған. 47 адам ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілген. Олардан 2 аңшылық мылтық тәркіленген. Оқиғаның салдарынан 30-дан астам жеке үй мен 15 сауда орны, сондай-ақ, 23 автокөлік бүлінген.
Аман СЕЙІТХАН