Қазақ күресі академиясы құрылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ күресі академиясы құрылады

07.02.2020

Қазақ күресі мектеп бағдарламасына енеді. Бастама алдағы оқу жылында Нұр-Сұлтандағы 5 мектепте пилоттық режимде сыналады. Кейін еліміздегі орта білім беру мекемелеріне түгел енгізілетін болады. Ал білікті мамандарды дайындау үшін қазақ күресі академиясы құрылады. Бұл туралы федерация Президенті, ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты. Биыл елде аталған спорт түрінен 100-ден аса шара ұйымдастырылады. Ең ауқымдылары дәстүрлі «Қазақстан барысы», «Халық барысы», қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты және «Еуразия барысы». Тізімді «Бала балуан» жарысы жалғайды. Тұңғыш рет ұйымдастырылатын доданың ауқымы кең. Оған өз өңірлеріндегі қарсыласын шаң қаптырған өрендер ғана қатыстырылады. Дәурен Абаев төл спортымызды әлемдік деңгейге көтеру жұмыстары жүріп жатқанын жеткізді. Тіпті, даму картасы да әзірленген.  

Хабарламаларға жазылу