«Тұңғыш Президент жолымен» халықтық экспедицияның туы мен күнделігі Қарағанды облысына табысталды
«Тұңғыш Президент жолымен» халықтық экспедицияның туы мен күнделігі Қарағанды облысына табысталды
Қазақстан халқы Ассамблеясына ширек ғасыр толуына орайластырылған жоба барысында Елбасы жүріп өткен аймақтарға сапарлау жоспарланып отыр. Мәселен, бірінші кезеңде экспедиция өкілдері Елбасы туып өскен Шамалған елді мекенінен бастап, жастық шағы өткен Теміртау, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларын аралайды. Екінші бағытта еліміздің барлық аймағы қамтылады. Яғни, әр өңірдегі өзгерістер мен естеліктер көрсетілмек. Ал үшінші кезеңде Елбасымыздың дипломатиялық қарым-қатынасты нығайтудағы рөлі насихатталады. Осылайша, тұңғыш Президенттің тәуелсіз мемлекет құру жолында атқарған елеулі еңбектерін өскелең ұрпаққа таныстыруымыз керектігін айтады ұйымдастырушылар.
Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы