Түркістан халықаралық туризм орталығына айналады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан халықаралық туризм орталығына айналады

05.02.2020

Былтыр киелі шаһар бүкіләлемдік «Біріккен қала және жергілікті билік» ұйымына мүше болды. Соған байланысты Түркістан туралы бейнеролик түсіріліп, әлемнің 6 тілінде, 120 елінде көрсетілді. Бүгін халық алдында есеп берген қала әкімі шаһардың әлеуметтік- экономикалық дамуын жіктеп берді. Көне қаланың жаңашыл әкімі жиынды ТедХ форматында өткізді. 172 мың тұрғыны бар облыс орталығында істелер шаруа көп. Мәселен, қалада канализациялық құбырлар енді тартылып жатыр. 800-ден астам көшенің 30 пайызы ғана асфальтталған. Тек 18 пайызында жарық бар. Есесіне электр желілері толық жаңарып, қаланың жартысынан көбі газдандырылған. Арыс-Түркістан магистралды каналынан арық тартылып, гүлзар, саябақтар салынды. Млндаған түп ағаш егілді. Бастысы, «Смартмектеп» сынды жобалар енгізіліп, қауіпсіздік үшін қалаға бейнекамера орнатылуда.

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу