Қарағанды ұлттық спорт мектебінде тазылар сайысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды ұлттық спорт мектебінде тазылар сайысы өтті

04.02.2020

Қарағандыдағы ұлттық спорт мектебінде тазылар сайысы өтті. Оған облыстың түкпір-түкпірінен саятшылықты серік еткен жігіттер ғана емес, қыздар да қатысты. Бұл күні тазылардың шапшаңдығы, иісшілдігі, тұрқы сыналды. Сондай-ақ олар арнайы тіркеуге алынып, төл құжаттары толтырылды.

Бұл күні сайысқа барлығы 100-ге жуық тазы қосылды. Олардың иісшілдігі, шапшаңдығы, тұрқы сыналды. Бұған қоса иелерінің де киім киісі ескерілді. Қатысушылар жеті қазынаның бірі құмай тазының тұқымын сақтау, дұрыс күтіп-баптауға соңғы кездері жақсы көңіл бөліне бастағанын айтады.

 Жарыс соңында барлық қатысушыларға арнайы кубоктар мен дипломдар және қаржылай сыйлықтар табысталды. Жеңімпаздар арасында балқаштық Құрмаш саятшы да бар. Оның «Сұңқар» атты саққұлағы «Ең үздік құмай тазы» атанды.


Хабарламаларға жазылу