15 отбасының 90-ға жуық баласы түрлі бағытта тегін курстарға қатысады. Мұндай қолдауды волонтерлардан құралған қор көрсетіп отыр. Білім алуға жағдай жасаудан бөлек олар аз қамтылған 60 үйге ай сайын азық-түлік жеткізіп отыр.
Иә, еріктілер елеулі іске кірісті. 15 отбасының, яғни 90-ға жуық баланы қор қаражатына оқытуға оқталып отыр.
Аралбек бастаған волонтерлар 9 студентті грантқа түсірді. Университетпен ынтымақтаса отырып жатақханасы, тамағы мен жол ақысын да шешіп берген. Бұдан былай әр отбасы бір-бір қайырымды азаматтың қамқорлығына өтеді.
БҰҰ-ның мәліметінше, әлемде 1 миллиардтай адам волонтерлік іспен айналысады. Дегенмен, біздің елде де бұл бағыт әлі кенжелеп тұр. Сондықтан Президент волонтерлікті республикалық ауқымда ғана емес, әрбір қала мен ауылда дамыту керек деген бастама көтерді. Сондай-ақ мемлекеттік аппарат та, ұлттық және ірі компаниялар да бұдан қалыс қалмауы керек.
Нысаналы ЫҒЫЛ