Анафилактикалық шок кезінде көрсетілетін алғашқы көмек қандай болуы керек? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Анафилактикалық шок кезінде көрсетілетін алғашқы көмек қандай болуы керек?

03.02.2020

Көшеде немесе кез-келген ортада адам есінен танып қалса қандай көмек көрсете аласыз? Бұл сұраққа тосылып қалатынымыз рас. Бүгін «Ақ жүрек» қоғамдық қоры мен «Алғашқы көмек» орталығы осы тақырыпқа қатысты шеберлік сағатын өткізді. Жыл сайын, кемі 28 мыңға жуық адам түрлі жағдайда жүрегі тоқтап қайтыс болады. Егер оларға дер кезінде, әсіресе алғашқы 2 минутта көмек дұрыс көрсетілсе құтқарып қалудың мүмкіндігі жоғары. Мәселен, құлап қалған адамның есін жоғалтқанына және тыныс алмай жатқанына көз жеткізсеңіз жедел жәрдем келгенше жүрек тұсынан 5-6 смге дейін 30 рет басып, қанайналымды жақсарту керек. Немесе айналаңызда жүрекке разряд беретін дефибриллятор құрылғысы болса қолдану қажет. Қазір бұл аппаратты барлық орындарда қойып, қолдану тәсілін үйрету жұмыстары қолға алынып жатыр.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу