Бала күтіміне қатысты берілетін жәрдемақы 3 жасқа дейін төленуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бала күтіміне қатысты берілетін жәрдемақы 3 жасқа дейін төленуі мүмкін

03.02.2020

Елімізде бала күтіміндегі әйелдерге 3 жылға дейін жәрдемақы төленуі мүмкін. Бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Президенттің осы және өзге де тапсырмаларының қалай іске асатынын жеткізді.

Зейнетақы қорындағы қаржыны оқуға немесе пәтер алу үшін пайдалану туралы бастама көпшілікті елең еткізгені анық. Өйткені шетелде оқысам немесе баспана алсам деп ниеттенген жұрттың көбі жетпеген қаржыны осы қордан алуға үмітті. Қазір онда 10 триллион теңге бар. Десе де жинағына барлығы бірдей қол жеткізе алмайды.

Қарастыру керек, дегенмен, шеткі меженің өзгере қоюы екіталай екенін айтады Нұрымбетов. Есесіне бала күтіміндегі әйелдерге енді 3 жылға дейін жәрдемақы төленуі мүмкін.

Бүгінде 387 мың ана бала күтімі бойынша жәрдемақы алады. Оның көлемі жұмыс істемейтін әйелдер үшін 15 пен 24 мың теңгенің аралығында. Ал жұмыстан декреттік демалысқа шыққан келіншектер жалақысының 40 процентін жәрдемақы ретінде бір жыл бойы алады. Енді оны 3 жылға дейін ұзарту бастамасы қолдау тапса, заң жобасын әзірлеп, оны парламенттің қарауына енгізбек.

Шетелдік пен отандық жұмысшылардың жалақысын теңестіріп, ең төменгі жалақы мөлшерін өсіру де министрдің мойнында. Оның көлемі қазір еліміздегі орташа табыстың 23 процентіне тең. Енді оны 2023 жылға қарай кезең-кезеңмен 30 пайызға дейін жеткіземіз дейді министр.

Досжан МАРАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу