1971 жылы 1 желтоқсанда Оманның құрамында формальді болған 7 әмірліктің алтауы Біріккен Араб әмірліктері деген федерация құратындарын мәлімдеді, жетінші әмірлік 1972 жылы қосылды. Федерация құрылған жылы жалпы ішкі өнім 1,7 миллиард доллар болса, 2018 жылы 414 миллиард долларды құрады.
Қу медиен даланың қуатты мемлекетке айналғанына бәрі тамсанады. Мүмкін «араб мұнайы араб қанынан құнды емес» деген принципке сүйенгесін бе, әйтеуір бақуатты өмір сүретіндері аңызша айтылады.
Біздің жалпы ішкі өнім 155 миллиард доллардан асады. Бірақ айырмашылық көлемі 3 есе ғана ма? Мемлекет дамуына, инвестициялық климаттың жақсы болуына ықпалдасатын бірнеше фактордың бірі -тұрақты саяси жүйе. Алайда одан бір мысқал кем емес тағы бір фактор – әлеуметтік дүрдараздықтың, әлеуметтік конфликтілердің төмендігі.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ