Атырауда 5 миллионға жуық халықты сумен қамтып отырған құбыр желісі күзетсіз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда 5 миллионға жуық халықты сумен қамтып отырған құбыр желісі күзетсіз қалды

31.01.2020

Атырау мен Маңғыстау облысын сумен қамтып отырған құбыр желісі күзетсіз қалды. Себебі, осыған дейін стратегиялық нысанды қарауылдап келген серіктестіктің келісім шартқа сай қызметі тоқтады. Нәтижесінде 200- ден астам адам жұмысынан айрылды.

5 миллионға жуық халықты сумен қамтып отырған құбырдың ұзындығы екі мың шақырым. Осы күнге дейін қауіпсіздігіне 240 адам жауап берген стратегиялық нысан енді қараусыз. Ал кезекті тендерді өткізу кезінде талап сақталмаған дейді жұмысшылар.

Шағымдардан кейін құны 1 миллиард 230 миллон теңгеден асатын тендер тоқтатылды.

Ал алдағы екі айда стартегиялық нысанның қауіпсіздігіне тендерден шеттетілген мекеме жауапты. Олар уақытша келісім шартқа отырған. Бірақ құбырды күзететін мекемеден телефонға ешкім жауап бермеді.

Сонымен, тендердің қашан өтіп, талапқа сай күзет мекемесінің тағайындалатыны әзірге беймәлім. Ал жұмыссыз қалған 200 еңбеккер енді құзырлы органдарға шағымданбақ.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ


Хабарламаларға жазылу