Е.Біртанов коронавирус туралы мәлімдеме жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Е.Біртанов коронавирус туралы мәлімдеме жасады

31.01.2020

Күллі дүниені дүрліктірген коронавирус эпидемиясына қатысты еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жаңа ғана арнайы мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, вирустың кірмеуі және тарамауы үшін барлық шаралар қабылданған. Ведмоствааралық штаб құрылған. Оның құрамына барлық құзырлы органдар енген. Тек Қытаймен ғана емес, барлық шекара бекеттері қатаң бақылауда екенін айтты. Аталған дертті жұқтырған науқас жоқ, дегенмен дәрігерлердің күдігін туғызған адамдар бақылауға алынған. Осы ретте, ел тұрғындарына уақытқа шетелге шықпауға кеңес берді. Ал карантин жарияланған Қытайдың Ухань қаласындағы студенттерді арнайы рейспен елге жеткізу мәселесі пысықталып жатқанын айтты.

Айта кетейік, бүгін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус эпидемиясына байланысты әлемде төтенше жағдай жариялады. Мұны осы халықаралық органның бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Женевада бейсенбі күні мәлімдеді. Оның сөзінше, төтенше жағдай халықаралық ауымдастықтан үйлестірілген әрекетті талап етеді. Дегенмен, ұйым жұмбақ вирусқа байланысты адамдар мен тауарлар қозғалысын шектеуге кеңес бермей отыр.

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу