Апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының екінші пилоты көз жұмды. Ол қалалық 4-ші клиникалық ауруханада 21-ші қаңтарға дейін ем алып, одан соң үйіне амбулаториялық ем алуға жіберілген. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері ұшқыштың жағдайы тұрақты болғанын айтты. Қазір сот медициналық сараптамасы тағайындалып, Миржан Молдақұловтың қазасының себебі анықталып жатыр.
Сондай-ақ бүгін Мәжіліс депутаты Азат Перуашев апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының барлығына ақы төлеу керек деген депутаттық сауал жолдады. Сондай-ақ тоқтатылған рейстерге билет алғандардың өтемін толық өтеуді қамтамасыз етуді және күдіктілерге қатысты жүргізіліп жатқан іс туралы халықты ақпараттандырып отыруды сұрады. Мәжілістің жалпы отырысына қатысқан Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев болса тергеу амалдары мен түрлі сараптамалардың әлі жүргізіліп жатқанын, кінәлілер әлі анықталмағанын айтты.
Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ, Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ