Араб Әмірліктерінің бизнесмендері Қазақстанға инвестиция құюға дайын
Араб Әмірліктерінің бизнесмендері Қазақстанға инвестиция құюға дайын. Бұл Қазақстан-Араб әмірліктері форумына келген шетелдік меймандардың ортақ пайымы. Басқосуға Әмірліктен 200-ге жуық ірі компания өкілдері келді. Арабтар Қазақстанның ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірісіне қаржы құюға құлықты. Сондай-ақ, біздің елде өндіріс ашып, өз өнімдерін Қытай еліне экспорттауға мүдделі. Форум барысында тараптар түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Қазіргі уақытта екі елдің бірлескен 500-ге жуық кәсіпорны бар. Дей тұрғанмен, арадағы алыс-беріс көлемі былтыр бар-жоғы 329 млн доллар болған.
Ғабит БӨКЕНБАЙ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Аргентина мен Англия финал жолдамасына таласады
15.07.2026, 20:20
Шымкентте инсультті анықтауға ЖИ көмектесе бастады
15.07.2026, 20:17
Қызыл кітапқа енген дала қырандары бақылауға алынды
15.07.2026, 20:14
«Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» жеті томдығы баспаға жіберіледі
15.07.2026, 20:12
БҚО-да көкөніс қоймаларының құрылысы қарқын алды
15.07.2026, 20:10
Жаһан жаңалықтарына шолу
15.07.2026, 20:08
Елорданың басты су нысандары жаңартылып жатыр
15.07.2026, 20:06
Экологиялық талапты бұзған 3 кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды
15.07.2026, 20:05