Президент БАӘ ресми сапарында маңызды құжаттарға қол қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент БАӘ ресми сапарында маңызды құжаттарға қол қойылды

27.01.2020

Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері қаржы саласы, өңдеу өнеркәсібі және балама қуат көздері бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, аталған елге ресми сапары кезінде Абу Дабидің тақ мұрагерімен келіссөз жүргізді. Сондай-ақ, кездесуде мұнай-химия, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика саласындағы маңызды мәселелерді талқылады.

Айта кетейік, бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент ретінде және жыл басындағы алғашқы ресми сапары. Мұндағы діндес бауырлар қазақ басшысын салтанатты жағдайда қарсы алып, шынайы ықылас танытты. Ал кешегі шөлді жер, бүгінде экономикасы қуатты елге айналған. Біздің Таяу Шығыстағы негізгі сауда-экономикалық серіктесіміз. Мәселен 2019 жылы өзара тауар айналымы жарты миллиард долларды құраған. Ал Араб Әмірліктерінен Қазақстанға тартылған тікелей инвестициялар көлемі 2 миллиард доллардан асқан. Қазір Қазақстанда Біріккен Араб Әмірліктерінің 300-ге жуық заңды тұлғасы мен өкілдіктері сәтті жұмыс істейді. Жалпы құны 10 миллиард АҚШ долларын құрайтын бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда.Сондықтан Бизнес форумның қорытындысында, екі тарап нақ осы бағыттар бойынша ауқымды 3 келісімге қол қойды. Жаңа келісімдер елімізде жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкін береді. Сондай-ақ форум барасында БАӘ бизнесмендері қазақ жеріне қаржы құюға даяр екендерін айтты. Оларды Қазақстандағы қолайлы инвестициялық климат пен экономикалық тұрақтылық қызықтырып отыр.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ



Хабарламаларға жазылу