Алматы әуежайында Қытайда таралған коронавирусқа байланысты оқу-жаттығу өтті
Алматы әуежайында короновирус инфекциясының эпидемиялогиялық жағдайына байланысты оқу-жаттығу өтті.
Мамандар арнайы сценарий бойынша әрекет етіп, Ухань провинциясынан басы ауырып, жөтеліп, қалтыраған науқастан індет табылды деп күдіктенеді. Содан кейін олар әуе кемесіндегі экипаждардың көмегімен алғашқы санитарлық және жұқпалы дертке қарсы дер кезінде әрекет етіп, тиісті шаралар жүргізді. Жалпы, жаттығудан тыс әуежайдағы санитарлық бақылау пунктерінде жолаушылардың дене қызуын бақылайтын арнайы тепловизор орнатылған. Еске сала кетейік, осы күнге дейін Қытайдағы коронавирусты 830 адамның жұқтырғандығы анықталса, ауыр індеттен 25 азамат көз жұмған.
Бауыржан ЖАҚСЫМБЕТ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде сайлауды бақылаушыларға арналған жаңа нұсқаулық жарияланды
04.07.2026, 16:42
Ұлттық домбыра күніне орай Қазақстанда 2000-нан астам мәдени іс-шара өтеді
04.07.2026, 14:29
Ермек Серкебаевтың туғанына 100 жыл: «Ғасыр дауысы» атты музыкалық кеш өтті
04.07.2026, 10:28
Ата Заң – әділетті қоғам кепілі
03.07.2026, 20:59
Жаңа Конституцияның тарихи құжаттары Президент архивіне тапсырылды
03.07.2026, 20:58
«Әділет» партиясы Құрылтай сайлауына қатысуға дайын
03.07.2026, 20:57
Мемлекет басшысы Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына орай құттықтау хат жолдады
03.07.2026, 20:56
Елордада киберспорттан Әлем чемпионаты өтеді
03.07.2026, 20:52