Жоғары оқу орындарында 25%-ға арттырылған стипендия беріле бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жоғары оқу орындарында 25%-ға арттырылған стипендия беріле бастады

22.01.2020

Еліміздің колледж, университеттері студенттердің стипендиясын 25 пайызға жоғарылатты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ұлғайтылған шәкіртақы кешелі бері қыз-жігіттердің банк картасына түсіп, жастарды қуантып жатыр. Сонымен стипендия қаншаға өсті? Оны неше студент алады?

Жастар жылының жабылу салтанаты. Тура бір ай бұрын өткен шарада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа жылда шәкіртақының 25 пайызға артатынын айтып, қыз-жігіттерді қуантқан еді. Еуразия ұлттық университетінің магистранты Азат Теңгебаев та қалтасына түскен теңгенің көбейгеніне разы.

Болашақ журналист Азамат Жүсіпқалиев те білім грантының иегері. Енді ол шәкіртақыны 6 мың теңгеге көбірек алады.

Осылайша, ел бойынша ЖОО-да оқитын 179 мың студент пен колледжде білім алатын 136 мың жасөспірімнің шәкіртақысы өсті. Білім және ғылым министрлігі мұндай ынталандыру білім деңгейінің артуына да сеп болатындығын айтады.

Досжан МАРАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу