Шетел валютасымен ипотека алып, сан соғып қалғандарды мемлекет далада қалдырмайды
Шетел валютасымен ипотека алып, сан соғып қалғандарды мемлекет далада қалдырмайды. Бірақ, бұл «несие алдың ба, оны қайтармауға болады» екен деген сөз емес.
Апта басында Ақордада Ұлттық банктің есебін тыңдаған Елбасы Үкіметке бірқатар тапсырмалар берді. Соған қарағанда, елімізің банк секторын да бірқатар реформалар күтіп тұрған секілді. Бәсекеге төтеп бере алмайтын банктер біріктіріліп, біразы жабылып тынуы мүмкін.
Жалпы, валюта қатынасының құбылуы миллиондаған қазақстандықтардың тұрмысына әсер еткені сөзсіз. Соған орай, екінші деңгейдегі банктерді қолдау үшін Мемлекет оларға Ұлттық қордан осы айдың соңына қарай 2 триллион теңге бермек. Бірақ, банктер мұны өздеріне көрсетілген көмек деп емес, ел экономикасының күретамыры – жеке секторды жандандыруға берілетінін ұмытпауы тиіс. Себебі, қазір қаржы секторындағы қиындықтардың кесіренен ел экономикасы баяу дамуда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы