Полиция сержанты Дархан Базарбаевты еске алу шарасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Полиция сержанты Дархан Базарбаевты еске алу шарасы өтті

22.01.2020

Қостанайда қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан полиция сержанты Дархан Базарбаевты еске алу шарасы өтті. Облыс басшылары, Ішкі істер министрлігі өкілдері қатысқан жиын бір минут үнсіздікпен басталды.   

Өзгенің өмірін сақтап опат болған азаматтың артында ата-анасы, жұбайы және 4 айлық сәбиі қалған. Қаралы жиынға келгендер олардың қайғысына ортақтасып, көңіл айтты. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Дархан Базарбаев ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған еді. Іс-шара барысында бұл марапат ата-анасына табыс етілді.  

Ал, Дархан Базарбаевпен бірге кезекшілік еткен кіші сержант Амангелді Сыздықов «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалін алды.  

Сонымен қатар, облыс әкімдігі марқұмның жұбайына Қостанай қаласынан бір бөлмелі пәтер беретін болды. 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу