Ресей президенті Владимир Путин жаңа үкімет құрамын таныстырып, тиісті жарлыққа қол қойды.
Оған сәйкес министрлік саны 22-ден 21-ге қысқарды. Бұрынғы үш министр, яғни Қорғаныс, Сыртқы істер және Төтенше жағдайлар министрлері ғана орнын сақтап қалса, 18-і жаңадан тағайындалды.
Ал преьмьер-министрдің енді тоғыз орынбасары болады. Үкімет төрағасының бірінші орынбасары қызметіне Андрей Белоусов тағайындалды. Ол 2013 жылдан бері Ресей президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болған.
Үкіметтің жаңа құрамымен кездескен Владимир Путин алда қызу жұмыс күтіп тұрғанын, елдегі инвестициялық ахуалды жақсартып, экономиканы жандандыру қажеттігін жеткізді.
Осы жылы ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау салаларына қатысты бірнеше бағдарлама қабылданатынын да айтты.
Индира БЕГАЙДАР