Павлодар облысының тұрғындары салық төлеуге асықпайды
Бүгінде жеке тұлғалардың мемлекетке берешегі 691 млн. теңгеден асты. Айта кету керек, өткен жылы өңірде салық қарызын дер кезінде жаппаған 11 мың адамға рақымшылық жасалды.
Ал, биыл мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан ондай жеңілдік жоқ. Керісінше, өсімімен қоса өндіріп алады.
Себебі, өкілетті органның мәліметіне қарағанда салықтан жалтарып жүргендердің дені қаржылық жағдайы жақсы азаматтар. Олар негізінен мемлекетке көліктен алынатын салықты төлеуге шабандық танытады.
Қазіргі күні қозғалтқыш күші жоғары темір тұлпар мініп жүрген 19 мың адам борышкерлер тізіміне ілікті.
Болат АМАНБАЕВ
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ-тәжік қатынасы: $2 млрд межесі
07.11.2026, 20:34
Жастар кітап оқуға қаншалықты көңіл бөледі?
06.11.2026, 20:28
Көшбасшы әйелдердің республикалық семинары өтті
06.11.2026, 20:27
Еңбек – адамды биікке жетелейтін құндылық
06.11.2026, 20:26
Жоғары білімнің болашағы талқыланды
06.11.2026, 20:25
Еріктілер 100-ден аса заңбұзушылықты анықтады
06.11.2026, 20:25
Халық Кеңесі жанынан жастар қозғалысын құру ұсынылды
06.11.2026, 20:24
ШҚО-да Жолдауда жүктелген міндеттер талқыланды
06.11.2026, 20:22