Жастар кадрлық резерві жастарды мемлекеттік қызметке тартуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жастар кадрлық резерві жастарды мемлекеттік қызметке тартуда

20.01.2020

Президенттік жастар кадрлық резервіне іліккен 300 адамның 102-сі – жеке, 98-і – квазимемлекеттік сектордан. Ал, қалғаны – мемлекеттік қызметші. Оларды қызметке президент өзі тағайындауы мүмкін немесе әкімдер мен министрлер шақыра алады. Президент әкімшілігі де ұсыныс білдіре алады. Басты міндет мемлекеттік басқаруды жаңарту қажет. Мақсат – жемқорлықтан ада, жаман қасиеттерді бойына сіңірмеген жастарды жұмысқа тарту. 13 мың үміткерден суырылып алға шыққан 300-і жақында Мемлекет басшысымен кездесті. Жалпы іріктеуге жоғары білімді, жасы 35-тен аспаған және еңбек өтілі 5 жылдан кем емес, 1-ден 3-ке дейін ұсыным хаты бар азаматтар қатысты. Президенттік жастар кадр резервіне енгендердің орташа жасы – отыз бір. Құрамында түрлі ұлт өкілдері бар.

Ғабит БӨКЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу