Қарағандыда жылу және жарық қосу үшін техникалық құжаттың берілуі бұдан былай қатаң бақыланады. Себебі рұқсат беру кезіндегі рәсімдеу жұмыстары жемқорлыққа жағдай туғызып отыр. Мәселен, заңның оңтайлы тұстарын өз пайдасына асырған кей мекемелер жекелей азаматтардың мәселелеріне келгенде әдейі уақыт созып жүріп алады. Артынша тез шешіп беру үшін сыйақы талап ететіндігін айтады мамандар. Тексеру қорытындысы бойынша өткен жылы жүзден астам қарағандылықтың өтініші қайтарылған. Кейбірі, тіпті коммуналдық мекемеден жауапты 2 айдан астам уақыт күткен. Мұндай келеңсіздіктердің алдын-алу үшін қалада жылу мен жарықты нақты қай жерлерден қосуға болатыны жөнінде арнайы электронды карта дайындалуда. Сондай-ақ коммуналдық мекемелер «бір терезе» қағидасымен жұмыс істейтін болады.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ