Маңғыстауда түйелер «күл» ауруына шалдыққан
Маңғыстауда түйелер «күл» ауруына шалдыққан. Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық осындай қорытынды шығарды. Сондықтан өңірдегі барлық ауылдарда індет жұқтырған ірі қараның саны есептеліп, залалсыздандырылатын қора-жайдың аумағы есептелуде. Естеріңізге сала кетейік, аймақтағы ойсыл қара тұқымы тамыз айынан бастап жаппай белгісіз дертке шалдықты. Мамандар осы күнге дейін ауруды анықтай алмады. Республикалық зерттеу орталықтары да нақты ештеңе айта алмай келді. Ауамен тарайтын жұқпалы дерт бүгінде өңірдің түкпір-түкпіріне дейін жеткен. Маңғыстау ауданының өзінде мыңнан астам түйе ауырып, 11-і арам қатқан.
Аягөз ОРАЛБАЙ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ-тәжік қатынасы: $2 млрд межесі
07.11.2026, 20:34
Жастар кітап оқуға қаншалықты көңіл бөледі?
06.11.2026, 20:28
Көшбасшы әйелдердің республикалық семинары өтті
06.11.2026, 20:27
Еңбек – адамды биікке жетелейтін құндылық
06.11.2026, 20:26
Жоғары білімнің болашағы талқыланды
06.11.2026, 20:25
Еріктілер 100-ден аса заңбұзушылықты анықтады
06.11.2026, 20:25
Халық Кеңесі жанынан жастар қозғалысын құру ұсынылды
06.11.2026, 20:24
ШҚО-да Жолдауда жүктелген міндеттер талқыланды
06.11.2026, 20:22