ЖОО-да «Рухани жаңғыру» туралы басқосу өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЖОО-да «Рухани жаңғыру» туралы басқосу өтті

15.01.2020

Сананың кемелденуі. Білімнің салтанат құруы. Жаңашыл көзқарастағы мамандар тәрбиелеу. Туған жерді түлетуге деген ұмтылыс. Осының барлығын ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып жүзеге асырсақ, халқымыздың бірегейлігі мызғымастай болмақ. Жоғары оқу орындарында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүйелі жүзеге асыру жайын талқылаған мамандар осындай байлам жасады. Бұл бағытта биыл оқу орындарында гуманитарлық саладағы ғылыми зерттеулерді талдау, талқылау, тарихнама мен деректануды жіті зерделеу, латын әрпіне көшу мәселесіне қатысты ғылыми басқосулар өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ әл-Фарабидің 1150, ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойларына қатысты да бірқатар тағылымды шаралар ұйымдастыру көзделген. Шымкент қаласының ТМД елдерінің мәдени астанасы мәртебесіне ие болуына орай өткізілетін жиындар да көңіл көтеретін ойын той форматында емес, жұртшылықтың рухани тұрғыдан кемелденуіне негіз болмақ. 

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу