Атыраудағы сәби өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Атырауда белгісіз затты жұтып қойып, шетінеп кеткен сәбидің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиға желтоқсан айында болған. Дәрігерлер рентген сәулесі арқылы бала ағзасынан белгісіз заттың барын анықтаған. Оны алғашында эндоскопия көмегімен ала алмаған. Кейін операция жасалған. Бірақ ол да нәтиже бермеген. 11 айлық нәрестенің туыстары қайғылы жағдайға дәрігерлер кінәлі деп отыр. Олардың айтуынша, мамандар балаға салғырт қараған. Сөйтіп 5 күннен соң ғана операция жасалған. Осыған орай іске құқық қорғау органдары араласты. Оқиғаның ақ-қарасын тергеп-тексеру жұмыстары анықтамақ.
Досжан МАРАТҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ-тәжік қатынасы: $2 млрд межесі
07.11.2026, 20:34
Жастар кітап оқуға қаншалықты көңіл бөледі?
06.11.2026, 20:28
Көшбасшы әйелдердің республикалық семинары өтті
06.11.2026, 20:27
Еңбек – адамды биікке жетелейтін құндылық
06.11.2026, 20:26
Жоғары білімнің болашағы талқыланды
06.11.2026, 20:25
Еріктілер 100-ден аса заңбұзушылықты анықтады
06.11.2026, 20:25
Халық Кеңесі жанынан жастар қозғалысын құру ұсынылды
06.11.2026, 20:24
ШҚО-да Жолдауда жүктелген міндеттер талқыланды
06.11.2026, 20:22