Рудныйда 330 миллион теңгеге салынған аттракцион қайта бұзылмақ
Қостанай облысының Рудный қаласында 330 миллион тенгеге былтыр салынған аттракцион кәдеге аспай, ақыры қайта бұзылатын болды. Ауданаралық экономикалық сот осындай шешім шығарды. Себебі нысан адам өміріне қауіпті. Шолу дөңгелегінің кабиналары биікке көтерілгенде желмен қаңбақша қаңғалақтап, өздігінен шыр айналған. Мұны кездейсоқ куәгерлер телефон камерасына түсіріп алған. Соны негізге алып белсенділер сотқа шағымданған. Енді сот шешіміне сәйкес, тапсырыс беруші мен мердігер шолу дөңгелегін бөлшектеп, алып тастауға міндеттелді. Облыстық экономикалық соттың үкімі осындай. Алайда, сапасыз әрі қымбат аттракционды орнатқандар мен осы жұмысты қабылдап алғандар жауапқа тартылған жоқ.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ-тәжік қатынасы: $2 млрд межесі
07.11.2026, 20:34
Жастар кітап оқуға қаншалықты көңіл бөледі?
06.11.2026, 20:28
Көшбасшы әйелдердің республикалық семинары өтті
06.11.2026, 20:27
Еңбек – адамды биікке жетелейтін құндылық
06.11.2026, 20:26
Жоғары білімнің болашағы талқыланды
06.11.2026, 20:25
Еріктілер 100-ден аса заңбұзушылықты анықтады
06.11.2026, 20:25
Халық Кеңесі жанынан жастар қозғалысын құру ұсынылды
06.11.2026, 20:24
ШҚО-да Жолдауда жүктелген міндеттер талқыланды
06.11.2026, 20:22