Елбасы Премьер-Министр А.Маминді қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Премьер-Министр А.Маминді қабылдады

10.01.2020

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады. Үкімет басшысы қазіргі әлеуметтік-экономикалық ахуал мен халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша қабылданған шаралар жайлы баяндады. Қазіргі таңда құрылыс саласының даму қарқыны 13 пайызға жуықтаған, сауда – 7,6, байланыс және көлік салалары – 5 пайызды көрсетсе, өңдеу саласының көрсеткіші де тәуір - 4,4 пайыз. Экономикадағы ахуал жалпы жаман емес. Дегенмен, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының орындалмаған тармақтары да бар. Елбасы осы бағыттағы жұмыстарды ширату қажеттігін тапсырды.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу